МӘМС
- МӘМС қалай жұмыс істейді?
МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсету әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі-Қор) активтері есебінен жүзеге асырылатын болады.
Қорға Мемлекет халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін, жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшылары үшін, ал жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздері үшін жарналарды аударып отырады. - МӘМС қатысушысы кім?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне Қазақстанның барлық азаматтары, сондай-ақ оралмандар, Қазақстан аумағында тұратын шетел азаматтары және олардың отбасы мүшелері тұрақты түрде қатысады. - Мен мемлекет жарна төлейтін тұлғалар санатына жатамын ба?
Иә, егер сіз келесі 14 санаттың біріне жатсаңыз:
- Балалар;
- Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
- Жұмыссыз жүкті әйелдер;
- Баланы балаларды үш жасқа толғанға дейін іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлғалар;
- Бала (балалар) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала уш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста жүрген тұлғалар;
- Мүгедек баланы күтуіне байланысты жүмыс істемейтін тұлғалар;
- Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
- Қылмыстық –атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген тұлғалар;
- Тергеу изоляторында ұсталатын тұлғалар;
- Жұмыс істемейтін оралмандар;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көп балалы аналар;
- Мүгедектер;
- Орта, кәсіптік және техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын тұлғалар;
- Оқу аяқталған айдан кейінгі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуды аяқтаған тұлғалар;
4 МӘМС жүйесі аясында қандай қызмет ала аламын?
МӘМСке мынандай медициналық қызметтер кіреді: - Профилактикалық медициналық тексерулер;
- Учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша тар бейінді дәрігерлердің қабылдауы және олардың кеңестері;
- Бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық байқауы;
- Халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
- Диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика (УДЗ, рентген, КТ, МРТ);
- Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, стационарлық медициналық көмек;
- Медициналық оңалту;
- Стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
5 МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу үшін не істеу керек?
Біріншіден, тұрғылықты жері бойынша ең ыңғайлы емханаға тіркеліңіз. Мұны: емханада өтінішті еркін түрде жазып, жеке басын куәләндыратын құжатты ұсыну арқылы жасауға болады;
Электрондық үкімет порталы egov.kz. арқылы. Ол үшін:
www.egov.kz порталына кіріңіз немесе тіркеліңіз;
«Денсаулық сақтау бөлімін» таңдаңыз;
«Медициналық көмек» бөлімінде «Алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» түймесін басыңыз;
Әрі қарай, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басып, электрондық форма өрістерін толтырып, сұраныс жіберіңіз;
Медициналық қызметтерді алуда қиындықтар туындаса, кері байланысты қалай алуға болатыны туралы жадынама
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры адамдардың өз құқығын қорғаудың келесі жолдарын ұсынады:
Сол жерде анықтау
Мәселені шешудің ең жылдам және ыңғайлы жолы – мәселені сол жерде анықтау.
Ол үшін, әрбір медициналық ұйымда пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі жұмыс істейді.
Ол медициналық қызмет көрсетудің, оның толықтығын және стандарттарға сәйкестігін
бақылау үшін құрылған. Бұл қызмет медициналық ұйымның медициналық көмегі мен клиникалық қызметіне ішкі талдау жүргізеді, медициналық қызмет көрсету стандарттары мен тәртібінің бұзылуын анықтайды.
1406
1406 бірыңғай байланыс орталығы қоңырауларды тәулік бойы қабылдайды және оларды өтініштерді өңдеудің арнайы құрылған үш деңгейлі моделі бойынша қарайды. Бірінші деңгейге консультативтік сипаттағы мәселелер жатады. Екінші және үшінші деңгейге – өтініштерді егжей-тегжейлі зерттеуді талап ететін мәселелер жатады.
Қор мамандары медициналық ұйыммен байланысады, ақпарат сұрайды, медициналық көмек көрсетуден бас тарту себептерін немесе медициналық көмек көрсетілуін тексереді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халықпен әрқашан диалогта болуға дайын екенін атап өтеді. Пациенттердің өтініштері, әлеуметтік сақтандыру Қоры көрсетіп отырған медициналық қызметтің корсетілуінің қолжетімді және сапалы болуына ықпал етеді.