Ақылы түрде медициналық қызмет көрсетуге арналған жария оферта

Бұдан әрі «Орындаушы» болып табылатын «Аллергоскрин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 23.07.2023 жылғы №7 бұйрық негізінде әрекет ететін директор Ақтілеу Данияр Серікұлы жеке тұлғаларға (бұдан әрі – «Тапсырыс беруші», «Жеке деректер субъектісі») ақылы медициналық қызметтерді көрсетуге арналған жария шарт (бұдан әрі – «Келісім-шарт») жасауды келісім талаптары қабылданған және Орындаушыға акцепт жіберілген сәттен бастап келесі талаптардың негізінде жасауды ұсынады:

 1. Негізгі шарттар

1.1. Осы шарт жария оферта болып табылады. Осы шартқа ҚР Азаматтық кодексінің 387-бабы қолданылады (Жария шарт). Осы Шарттың талаптары барлық Пациенттерге (Тапсырыс берушілерге) бірдей қолданылады.

1.2. Осы шарттың офертасын қабылдауы мен шарттың жасалған күні, тапсырыс берушінің ақылы медициналық қызметтерді төлеу күні болып табылады.

1.3. Осы шарттың талаптарына сәйкес, тапсырыс беруші орындаушыға биологиялық материалдарды қабылдау мен жинақтау бойынша қызмет көрсетуді және пациенттің келісімімен орындалатын зертханалық зерттеулерді орындауды тапсырады. Орындаушы, орындалған қызметтердің нәтижелерін тапсырыс берушіге тапсыруға міндеттенеді. 1.4. Көрсетілетін қызмет түрлері, құны және мерзімдері орындаушының www.allergoscreen.kz ресми сайтындағы «Прайс-лист» бөлімінде көрсетілген. Орындаушы қызмет көрсету мерзімін ұзартуға құқылы, бұл туралы тапсырыс берушіні телефон немесе электрондық пошта арқылы хабардар етеді.

1.5. Қызмет көрсету орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ахмет Байтурсынұлы көшесі, 6 үй, н.п.7.

1.6. Осы шарт бойынша тапсырыс берушіге қызмет көрсету, орындаушының ішкі жұмыс регламентіне сәйкес жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

2. Қызмет көрсету тәртібі

2.1. Тапсырыс беруші міндеттеледі:

2.1.1. орындаушының мамандарына (дәрігерлерге) медициналық тіркеушілер арқылы барлық қажетті медициналық деректерді, оның ішінде дәрілік препараттарға аллергиялық реакциялар, бұрын және қазіргі кездегі аурулар, жарақаттар, операциялар және қызмет көрсету мен оның нәтижелеріне әсер етуі мүмкін басқа да факторлар туралы ақпаратты ұсыну;

2.1.2. қызмет көрсету үшін қажетті барлық медициналық деректер мен материалдарды ұсыну;

2.1.3. тапсырыс берушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды (уәкілетті мемлекеттік орган берген және тапсырыс берушінің жеке басын куәландыратын жеке куәлік, шетел азаматының паспорты, тұруға ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамдардың куәлігі,

және т.б.) ұсыну.

2.2. Тапсырыс беруші кепілдік береді:

2.2.1. осы шартты жасау үшін, толық және шынайы ақпаратқа ие екенін және емдеуші дәрігердің жолдамасында көрсетілген қызмет түрлерін көрсетуге келісімін білдіретінін;

2.2.2. биоматериалдарды қабылдау және жинақтау пунктінде және/ немесе www.allergoscreen.kz сайтында көрсетілген зертханалық зерттеулер жасауға дайындық ережелерін толық орындағанын;

2.2.3. зертханалық зерттеулер жүргізу үшін тапсырыс берушінің өз бетінше жинаған биологиялық материалдары зерттеу талаптарына сай жиналғанын.

2.3. Орындаушы міндеттеледі:

2.3.1. осы шарт бойынша қызметтерді сапалы және ҚР денсаулық сақтау саласындағы нормативтік актілерге сәйкес көрсету;

2.3.2. пациентке қызмет түрлері мен құны туралы қажетті ақпарат беру;

2.3.3. медициналық құпияны және дәрігерлік этиканы сақтау;

2.3.4. процедураларды жүргізу кезінде асептика және антисептика ережелерін сақтау;

2.3.5. ҚР заңнамасына сәйкес зертханалық зерттеулердің рұқсат етілген әдістерін қолдану.

2.4. Егер тапсырыс беруші биологиялық материалдарды белгіленген процедураларға және/немесе зертханалық зерттеулерге дайындық ережелерін сақтамай өз бетінше жинақтаған жағдайда, орындаушы осы биологиялық материалдың нәтижесіне сай көрсетілетін қызметтердің сапасына жауапты болмайды, ал, тапсырыс беруші қызмет түрлеріне толық көлемде төлейді.

2.5. Орындаушы қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы, егер тапсырыс беруші:

2.5.1. шарттың 2.1-тармағында көзделген міндеттемелерді орындамады;

2.5.2. шарттың 3-бөліміндегі тәртібімен орындаушының қызметтеріне ақы төлемеген.

2.6. Орындаушының қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелері, тапсырыс беруші 2.1., 3.1.-тармақтарында көзделген міндеттемелерді орындаған сәттен бастап туындайды.

2.7. Қызмет көрсету аяқталғаннан кейін, орындаушы тапсырыс берушіге сайттың www.allergoscreen.kz көмегімен нәтижені жүктеу сілтемесі арқылы медициналық қорытынды береді, сонымен қатар, тапсырыс берушінің сұрауы бойынша қорытындының түпнұсқасы да беріледі. Көрсетілетін қызметтерге толық ақы төленген жағдайда ғана медициналық қорытынды беріледі.

2.8. Тараптар қызметтерді қабылдау актілеріне қол қою талап етілмейтініне келісті. Егер тапсырыс беруші шарт бойынша көрсетілетін қызметтерді көрсету фактісі бойынша орындаушыға шағым түсірмесе, қызмет түрлері тиісті сапада көрсетілген болып есептеледі. Шағымдар, қорытынды берілген сәттен бастап 10 күн ішінде тапсырыс берушінің қолы қойылған жазбаша нысанда ғана қабылданады.

2.9. Шарт бойынша қызметтер көрсетуді растайтын құжат болып мыналар табылады: бақылау (фискалдық) чек және орындалған жұмыстар туралы шот (Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларға шот-фактура жазылмайды). Орындалған жұмыстар туралы шоттарды беруді орындаушы тапсырыс берушінің жазбаша талабы бойынша зертханалық зерттеу нәтижелері берілген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.

3. Есеп айырысу тәртібі

3.1. Тапсырыс беруші қызметтер үшін 100% алдын-ала төлем жүргізуге міндетті.

3.2. Төлем касса арқылы немесе қолма-қол ақшасыз төлем (банктік карта) арқылы жүзеге асырылады.

3.2.1. Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған жария шарт бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасына ҚҚС (қосылған құн салығы) салынбайды.

3.3. Қызметтердің құнына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қызмет көрсету үшін қажетті материалдарға және материалдың логистикасына арналған шығыстар кіреді (қажет болған жағдайда)

3.3. Қызметтердің құнына қажетті материалдар мен логистика кіреді.

4. Жеке деректер

4.1. Орындаушы ҚР «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы №94V заңына сәйкес жеке деректерді өңдеуге міндетті.

4.2. Тараптар құпия ақпаратты сақтау міндеттемелерін өз мойнына алады.

4.3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе осы шартта, оған толықтырулармен/қосымшалармен өзгеше көзделмесе, ақпаратты үшінші тұлғаларға беру немесе осы шарт бойынша құпия деп танылған ақпаратты өзгеге жария ету екінші тараптың жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

4.4. Ақылы медициналық қызметтерді алу үшін орындаушыға жүгінген тапсырыс беруші (оның заңды өкілі) орындаушыға, оның ішінде қызметкерлерге дербес деректерін өңдеуге өзінің келісімін береді. Тапсырыс берушінің (оның заңды өкілінің) жазбаша келісімімен дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациент немесе оның заңды өкілі көрсеткен басқа адамдарға беруге жол беріледі.

4.5. Өңдеуге жататын дербес деректердің тізбесі: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, жасы; тапсырыс берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;

4.6. денсаулық жағдайы, бар болған жағдайда аурулары, қойылған диагноздары, медициналық ұйымдарға жүгіну фактілері;

4.7. тіркелген мекен-жайы, пошталық мекен-жайы, электрондық поштасы, ұялы телефоны.

4.8. Пациент (оның заңды өкілі) өз келісімін беретін дербес деректермен жасалатын жұмыстар тізбесіне автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осы құралдарды пайдаланбай дербес деректермен жасалатын кез-келген іс-әрекет (операция) немесе іс-қимылдар жиынтығы (операциялар), оның ішінде, дербес деректерді жинақтау, тіркеу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту) жиынтықты алу, пайдалану, беру, иесіздендіру, бұғаттау және жою кіреді.


4.9. Жеке деректерді беру тек медициналық мақсаттармен ғана шектеледі және тек техникалық қажеттілікке байланысты болып табылады.

4.10. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе осы шартта, оған толықтырулармен/қосымшалармен өзгеше көзделмесе, ақпаратты үшінші тұлғаларға беру немесе осы шарт бойынша құпия деп танылған ақпаратты өзге де жария ету екінші тараптың жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

5. Шарттың әрекет ету мерзімі және жауапкершілігі

5.1. Шарттың қолданылу мерзімі тапсырыс беруші шарттың талаптарын қабылдаған күннен бастап 30 күн. Шарттың талаптарын қабылдау фактісі тапсырыс берушінің көрсетілетін ақылы медициналық қызметтеріне ақы төлеу күні болып табылады.

5.2. Шарт бұзылуы мүмкін:

5.2.1. тараптардың өзара келісімі бойынша;

5.2.2. тапсырыс берушінің бастамасы бойынша тексеруді жалғастырудан бас тартқан жағдайда, қызмет көрсету басталған сәттен бастап орындаушы қорытынды берген сәтке дейін кез-келген уақытта жазбаша өтініш беру жолымен.

5.3. Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша шарттан бас тартқан кезде орындаушы, егер қызметтер іс жүзінде көрсетілмеген жағдайда, нақты жұмсалған шығыстарды шегергендегі ақшалай қаражатты қайтарады. Көрсетілген қызметтер үшін ақшалай қаражатты қайтару бақылау (фискалдық) чегі болған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін.

5.4. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5.5. Орындаушының мүліктік жауапкершілігі, көрсетілген қызметтер үшін тапсырыс берушіден алынған ақша қаражатының сомасымен шектеледі.

6. Басқа да шарттар

6.1. Орындаушы тапсырыс берушінің жазбаша сұрауы бойынша шарттың қағаз түріндегі нұсқасын ұсынуға міндетті.

6.2. Электрондық хат-хабар алмасу құпия болып табылады және қарапайым электрондық қолтаңба ретінде саналады.

7. Орындаушының реквизиттері ЖШС «Аллергоскрин»

Пошталық индекс: 100000, Қарағанды қ., Абай к-сі, 3

БИН 170540026609

Тел.: 8(701)012 90 18 бухг.,

E-mail: allergoscreenadm@gmail.com

Банктік реквизиттер:

ИИК KZ20601А871002763021

АО «Қазақстан Халық Банкі»

БИК HSBKKZKX, БИН 170540026609

Директор: Ақтілеу Данияр Серікұлы